«Pantograph» продюсерлік орталығымен 1 жылға келісімшартқа отыру
қатысу қандай мүмкіндіктер береді
2025 жылы The Spirit of Tengri фестивалінде өнер көрсету және брендтің басқа да жобаларына қатысу
Халықаралық продюсерлер мен әлемдік орындаушылардан кеңес алу және шеберлік сағаттарына қатысу
1
2
3
Open Stage жобасына
Open Stage туралы СҰРАҚ / ЖАУАП
Иә, әрине. Ұйымдастырушылар жеке орындаушылардың, музыкалық топтар мен диджейлердің өтінімдерін қабылдайды. Ешқандай шектеу қоймаймыз, ең бастысы – орындаушылардың авторлық музыкасы және аранжировкасы ерекше болуы шарт.
Жобаны ұйымдастыру ережелерінің барлығы жобаны өткізу Ережесінде жазылған. Мына жерден оқуға болады.
Бір музыкалық ұжым бір өтінім ғана бере алады.
Өз ұжымыңыздан жобаны іске асыруға жауапты адамды таңдаңыз. Оған қойылатын бірнеше талап бар: жоба жетекшісі жоба аяқталғанша 35 жастан аспауы тиіс; жоба жетекшісі ҚР азаматы болуы керек.
Иә, жобаны өткізу Ережесіне сәйкес, музыкалық ұжым қатысушылары Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс.
Артистер өтінімді толтырған соң, ол модерацияға жіберіледі (ұйымдастыру комитетінің өкілдері өтінімнің жоба шарттарына сәйкестігін тексереді). Келесі кезең – Сарапшылар кеңесі өтінімге баға береді. Олардың тізімін жоба сайтынан көруге болады. Әр өтінімге кемінде бес сарапшы нақты критерийлер бойынша бағалайды. 2024 жылғы 10 мамырға дейін сайт пен әлеуметтік желілерде қысқа тізім – жобаның 2024 жылғы 31 мамырда өтетін алғашқы концертінде өнер көрсететін кем дегенде 5 қатысушы жарияланады.
Жоба ережелеріне сәйкес, музыкалық ұжымдар жоба өтетін жерге өз бетінше жетуі тиіс. Жолақы, жатын орын, тамаққа кететін шығынды қатысушылардың өздері көтереді.
Жобаның соңғы концертті фестивальдің соңғы күні – 2024 жылғы 30 тамызда өтеді. Ұйымдастыру комитеті Сарапшылар кеңесінің іріктеуі негізінде The Spirit of Tengri 2025 фестивалі мен ұйымдастырушының басқа да жобаларына қатысу мүмкіндігіне ие болатын ұжымды таңдайды. Кейін бір апта ішінде ұйымдастырушылар келісімшартқа қол қою үшін өтінімде жазылған жоба жетекшісімен хабарласады.
The Spirit of Tengri
деген не?
Ұлттық ауқымдағы жыл сайынғы мультимәдени жоба. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ethno-world жанрының әйгілі орындаушылары қатысатын бірегей шоу.